Қоқыс тастасаң – айып төлейсің

DSC 0167 Жаңалықтар

Жеке меншік секторда тұратындар өз үйлерінің маңын көгалдандыруға мән беремейді. Бүгінде аймақта санитарлық тазалық қос айлығы жүріп жатыр. Бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды. Соның нәтижесі қандай? Атырау қаласы әкімдігінің өткізген рейді осы мақсатқа арналды. 

dsc_0167

Құрамында «Арнаулыавтобаза» мекемесінің өкілі Манап Амиров, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Азамат Дәулетьяров, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Мажитов және БАҚ өкілдері бар рейдтік топ шара барысында жекелеген тұрғындармен тілдесіп, көптеген  кемшіліктерді көзбен көрді.

Рейд барысында Ескі қала аумағындағы Жансүгіров-Нәжімеденов көшелерінің қиылысы қоқысқа толы екені байқалды. Бәрі де сол маңдағы үйлерден шығарылған. Тұрғындарға оны үш күнде тазартуға тұрғындарға хабарлама қағазы толтырылды. Кейін қайта тексеріледі. Талап орындалмаса, айыппұл салынады.

15 қыркүйектегі облыстық мәслихаттың Атырау қаласы аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы шешімі күшіне енді. Осыған орай апта ішінде тәртіп бұзған 33 адам ұсталды. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Оның ішінде шаһардағы су құбырларына вакуум автокөліктерімен сұйық қалдықтарын төккен он адам анықталды.

dsc_0145

– Үйден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға болмайды. Сонымен қатар, теміржол, әуежай, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, алаңдарда, сауда орталықтарында қоқысқа арналған құты болуы керек. Ондай болмаған жағдайда, шара қолданылатынын ескертеміз, – дейді  жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Мажитов.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсететін және басқа да мекеме, кәсіпорын басшылары өздерінің кеңсесінің айналасындағы шөптерді, құрылыс қалдықтарын, тротуарларды,  саты баспалдақтарын тазалау, сыпыру, қоқыстарды жинау ісімен шұғылдануы керек. Әйтпесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Көшелерде құрылыс материалдары қалдықтары көп кездеседі. Осыған орай, үй иелерімен сөйлесіп, тазалау үшін ескерту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көбіне амалсыздан өзіміз тиеп, алып кетеміз, – дейді «Арнаулыавтобаза» мекемесінің инженері Манап Амиров.

dsc_0003

– Мұндай шара аптасына бір рет ұйымдастырылып тұрады. Осы уақытқа дейін 600-ге жуық үйге хабарлама берілді, – дейді Азамат Дәулетьяров. – Кейбір үй иелері оны дұрыс түсінсе, бірқатары қарсылық танытып жатты. Кейде үй иелері жоқ болып шығады, 

Ал, Атырау қаласының тұрғыны Алмагүл Ибатуллинаның айтуынша, қоқыс тастамауды әркім өзінен бастауы тиісті. Қаланың таза болғаны бәрімізге маңызды. Адамдар қолданыстағы заңмен әлі толық таныс болмауы мүмкін. Сондықтан, үгіт жұмысын жиі  жүргізу керек .

Нұрислам ҒҰМАР.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз