Оқушыны ұрған мұғалім сот алдында жауап бермейтін болды

1443436588 1 Жаңалықтар

Оқушыны ұрып, әлеуметтік желіні шулатқан мұғалім сот алдында жауап бермейтін болды. Баламды ұрды деп шағымданған ата-ана арыздарын қайтарып алған деп хабарлайды 31 арна.

1443436588_1

Мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжің Алматы облысында болған еді. Байсерке ауылындағы №9 мектепте химия пәнінің мұғалімі 7 сынып оқушысына қол жұмсаған. Анықталғандай, 7-сынып оқушысы мүғалімнің қызын шапалақпен ұрып жіберген көрінеді. Оны естіген анасы ашуға булығып, үзіліс кезінде қызын ұрған ұлға есесін қайтарған.

 Ұстаз бұл әрекеті үшін жұмыстан шығарылды. Ал мұғалімнен соққы жеген баланың ата-анасы құзырлы органға арыз жазған. Артынша мұғалім де олардың үстінен шағым түсірген. Қос тарап кейін ғана мәмілеге келді.

«Бір-біріне  наразылық білдірмейтіні, оған қоса бұдан әрі ешқандай шараны қолданбауды сұрай отыра өтініш келіп түседі. Осыған орай Қазақстанның қылмыстық процестік кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды», – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзабекова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз