Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

f5a1128de34a01185d74df134c60b187 crop l 7 t 6 w 885 h 498 resize w 1140 h 696 reswm Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. Өз құттықтауында Атырау облысының әкімі Наурыздан Наурызға дейінгі табыстарды атап өткен.

Қымбатты атыраулықтар! Құрметті қала қонақтары!

Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы, Ұлыстың ұлы күні, Жыл басы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тағы бір жылымыз тарих қойнауына жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттады. Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келеді. Дастарханға ақ толатын, елге бақ қонатын арайлы шақты халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп бекер атамаған. Тәуелсіздікпен бірге халқымызбен қайта қауышқан бұл мерекенің мән-мағынасы ерекше.

381A1833 2

Табиғат ана түлеп, тіршілік атаулы жаңаратын, күн мен түн теңелетін Наурыз – Жаңа жылдың бастауы. Кеше ғана Атырау жерінде екінші мәрте тойланған «Көрісу Фест» фестивалі Наурыздың мәнін одан әрі аша түскендей. Ал, өткен жыл елімізді жаңа белестерге көтерген сәтті кезеңдерге толы болды. Қазақ елінің Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі – сыртқы саясаттағы басты оқиғалардың бірі болды. Өткен жылдың тағы бір басты жаңалығы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Онда күнделікті жұмысымызда, өмір сүру үрдісіміз бен көзқарасымызда баршамыз басшылыққа алатын 6 негізгі басымдық нақты көрсетілген.

Құрметті ағайын!

Біз Наурызға толағай табыстармен жетіп отырмыз. Облыс экономикасы қарқынды даму үстінде. Биыл да үлкен жұмыстар жүзеге асырылатын болады. Наурыз – жаңару, ынтымақтастық пен мейірімнің мерекесі. Бұл күні барша жұрт бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ұлықталып, ай бойы Ұлыстың Ұлы күні тойланады. Ендеше ізгіліктің мейрамы – нұрлы Наурыз әр шаңыраққа құт-берекесімен бірге еніп, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың тұғыры нығая берсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз