Әнші журналистермен жүздесті

22222222222221 Білім

Дәстүрлі әндер мен термелерді нақышына келтіріп орындайтын жыршы Айгүл Қосанова жақында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазақ ұлттық өнерінің БАҚ-та насихатталуы» және «Батыс дәстүрлі әндерінің орындалу  ерекшеліктері» атты шеберлік сыныбын өткізді.

22222222222221

Алдымен әнші өзінің балалық шағына саяхат жасап, осы өнер жолына қалай келгендігін баяндап берді.

Шеберлік сыныбы барысында әнші дәстүрлі әндердің төрт мектепке бөлінетіндігі, олардың әрқайсысының өз шығу тарихы, өлеңде айтылу мақамы бар екенін түсіндірді. Сөзіне дәлел болу үшін төрт мектептің мақамына салып дәстүрлі халық әндерді орындап берді. Айгүл Қосанова сондай-ақ өз шәкірттерінің сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, БАҚ-та насихатталып  жүрген  қазақ ұлттық өнеріне өз ойын білдірді.

Кездесу соңында студенттер әншіге өлең арнап, университет атынан  сыйлықтар табыс етті. Ал, шеберлік сыныбына қатысқан студенттерге А.Қосанованың арнайы сертификаты табысталды.

Құсни ХАМЗА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік

университетінің  журналистика бөлімінің 4 курс студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз