Ниет тазалығы – ізгілік бастауы

14238356 313522102335541 2398506799963298160 n Білім

«Таза ниет  Астана» қоғамдық қорының директоры Б.Ысқақова мен эрготерапевт Б.Болатова Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйіне келіп, мамандарға дəріс оқып, шеберлік сыныбын көрсетті. «Эйр Астана» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған шеберлік сыныбы «Медициналық əлеуметтік мекемелердің мамандары мен тəрбиеленушілерінің ата-аналарын қоғамдық қолдау» жобасы аясында жүзеге асырылды.

14238356_313522102335541_2398506799963298160_n

– Бұл өте маңызды, мағыналы шара болды. Мекеменің лекотека бөлмесінің қорына ата-аналарға арналған əдістемелік құралдар тапсырылды. Балаларды түзете-дамыта тəрбиелеудің жаңа əдіс-тəсілдерін үйренген мекеме мамандары күнделікті жұмыстарында осы мағлұматтарды пайдаланатын болады. Алдағы уақытта осы қордың мамандарынан кеңес алып, тығыз байланыста жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік туып отыр. Жоба жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, – дейді интернаттың лекотека маманы Әйгерім Каликова.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз