Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы болды

20190319220549 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылды.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі шара еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына арналып отыр. Еуразиялық интеграция идеясының авторы және бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере келе РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды», – деді Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды Осы ретте ҚР Президенті осы бастаманы көтерген В.Путинге және бастамаға толықтай қолдау білдірген кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді. ​​​​Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Кеңесінің шешімімен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз