Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бірінші алтын медалімен марапатталды (ФОТО)

IMG 20170910 WA0006 Жаңалықтар

Жаһандық деңгейдегі маңызға ие ЕХРО – 2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізуге тікелей атсалысқаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бірінші алтын медалімен марапатталды.

IMG-20170910-WA0006

Осылайша, «болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау арқылы, «жасыл» экономикаға көшу процесі жолында жаһандық ынтымақтастықты арттыра түскен Қазақстан Президенті әлемдік сипатқа ие үлкен марапатқа ие болды. Аталған марапатты елорда аумағында бой көтерген көрме қалашығында Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стин Кристенсен «Астана ЕХРО – 2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовке салтанатты жағдайда табыс етті.

Екінші алтын медаль көрме аумағында еңбек еткен халықаралық қатысушы мемлекеттерге тапсырылды. Ал, «Астана ЕХРО – 2017» компаниясының ұжымы кәсібилігі үшін, Халықаралық көрмелер бюросының абырой медалына лайық деп танылды.

IMG-20170910-WA0005

Халықаралық павильондар «Көрме дизайны» және «Көрме тақырыбының ашылуы» атты екі номинация бойынша марапатталды. Оның ішінде, аумағы 400 шаршы метр, 700 шарты метр және одан кең болатын үш категория бойынша қарастырылған павильондар арасында көлемі жағынан ең үлкен нысан дайындаған Германия еліне көрме тақырыбын жоғары деңгейде аша білгені үшін алтын медаль берілді. Күміс пен қола медальдарды Қытай Халық Республикасы мен Франция өзара бөлісті.

IMG-20170910-WA0004

Айта кетелік, мұндай жоғары деңгейдегі марапаттау рәсімі 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген бірінші дүниежүзілік көрме кезінен бастап дәстүрге айналды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз