Нұрлыбек Ожаев: «Біздің балаларымыз – инновациялар және идеялар ұрпағы»

original Жаңалықтар

Atr. kz / 14 – ақпан. Бұл туралы “Нұр Отан” партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев саяси ұйымның кезектен тыс конференциясында айтты.

«Бүгінде өз дамуының белсенді кезеңіне қазақстандықтардың жаңа буыны – Z ұрпағы өкілдері кірді. Біздің балаларымыз – алдыңғылардан ерекшеленетін жаңа ұрпақ.
«Зеттер» ақпаратты лезде меңгереді, сандық әлемде оңай бейімделеді және таңқаларлық инноваторлық қабілеттерін танытады. Бүгін олар жай ғана балалар, бірақ ертең біздің әлемді өзгертушілерге айналады. Олар «Мен! Мен! Мен ұрпағы» деп аталады, олар мәңгілік ел ұрпағы, олар инновациялар және идеялар ұрпағы» деп атап өтті конференция барысында баяндама жасаған спикер Нұрлыбек Ожаев.

28school

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз