Нұрлан Ноғаев ысырапшылдықтан арылуға шақыруда

ЕАС 275 Жаңалықтар

Атыраулық дін қызметкерлері халықты аста-төктіктен арылуға, қаза дастархандарындағы ысырапшылдықтан тыйылуға шақыруда. Бұл бастаманы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қолдап отыр. «Садақадағы молшылық расымен де қынжылтады. Осындай жиындарда мұны мойындасақ та, жеке өзімізге келген кезде «қарапайым дастарханнан бейшара болып көрінбеймін бе?» деген оймен аста-төктікке жол беріп жатамыз. Жерлеу рәсімі, марқұмның басын қарайтуда да зәулім сарайлар тұрғызуды бәсекеге айналдырып алдық. Мұндай астамшылық кімге керек?» деген облыс басшысы Нұрлан Ноғаев дініміз талап ететін қарапайымдылықты насихаттауға шақырды.

ЕАС 275

Айта кетелік, бүгін түске дейін болып өткен облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров көп жағдайда сүйек шығарылмаған қаралы үй иелерінің уақыты мейрамхана мен қоңды мал іздеуге кететінін мәселе етіп көтеріп, ысырапшылдықтан арылып, Құран бағыштап, дұға оқуға көбірек көңіл бөлуге шақырған болатын.

ЕАС 341

ЕАС 379

ЕАС 387

ЕАС 460

ЕАС 470

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз