Нұрлан Ноғаев: Құқық қорғау органдары халықтың шағымына бей-жай қарамауы керек

WhatsApp Image 2018 01 29 at 15.17.33 e1517227013614 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев қоғамдық кеңес пен облыс активі алдында өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп берді,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-29 at 15.17.33

Күн тәртібіне бейнебақылау жүйесін кеңейту мәселесі қойылды. Қазір облыста 758 бейнебақылау камерасы бар, оның 329-ы жөндеуде, 11-і жол бойында орналасқан. Құқық қорғау органдары 10 ақпанға дейін барлық камералар жұмыс істейтініне сендірді.

2017 жылы бейнекамералар арқылы 27 қылмыс ашылып, 16 072 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Жалпы, 142 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді, оның 106 мыңы жолда жүру ережелерін бұзу.

«Былтыр 1 млрд. 267 млн. теңге айыппұл салынды, оның 782 миллионы төленді. Жергілікті бюджеттің құқықтық тәртіпті қадағалау органдарын жабдықтауға бағытталған қаражаты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалып жатыр»,- деді ІІД бастығы Аян Дүйсембаев.

WhatsApp Image 2018-01-29 at 15.17.33(2)

Облыстық Ішкі істер департаменті жаңа шағын аудандарға, қала маңындағы селолық округтерге тағы да қосымша 1410 камера орнататын жоба дайындаған. Бүгінде жергілікті әкімдік бұл жобаны қаржыландыру мәселесін қарастыруда.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігі жайлы тапсырма беріп, қалалық бейнебақылау жүйесін бірыңғай ақылды жүйеге енгізу – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін айтты.

«Жақында «бұлтты» технологияларды қолданатын бейнекамералар орнатуды бастаймыз, ауқымды жұмыс жүреді. Біздің алдымызда камераларды стратегиялық маңызды мемлекеттік органдарға, адамдар көп жиналатын жерлерге қондыру міндеті тұр. Құқық қорғау органдары кәсіпкерлермен ойын-сауық орындарында ішкі істер органдарының жедел әрекет ету орталығына шығатын камералар қондыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізулері керек»,-деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-01-29 at 15.17.33(1)

Облыс әкімі аймақтағы қылмыстық ахуалды жақсартуға қатысты құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

«Атырау мен Құлсары қалаларының тұрғындары үшін тағы бір мәселе –  көңіл көтеретін орындар мен тәулік бойы істейтін дүкендердің жұмысы болып отыр. Адамдар түнгі уақытта шу мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына көп шағым жасайды. Өкінішке қарай, бұл орындардың иелері өз міндеттеріне немқұрайлы қарайды және жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындарының талаптары мен ескертулеріне мән бермейді. Мен әріптестеріме, құқық қорғау органдарының басшыларына осы жайтқа баса назар аударуды тапсырамын»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз