Нұрлан Ноғаев «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директорын қабылдады.

Ортақ мүдде айқын мақсат Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тед Этчиссонды қабылдады.

Ортақ мүдде, айқын мақсат

Бірлескен кәсіпорын жетекшісі алдымен аймақ басшысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жоғары мемлекеттік награда – «Парасат» орденімен марапатталуымен құттықтады. Мұның өзі ел басқарып жүрген азаматтың еңбегіне берілген лайықты баға екендігін атап өткен ол Нұрлан Асқарұлына алдағы уақытта да жақсылықтар мен сәттіліктер тіледі.

Бұдан кейін бас директор Тед Этчиссон серіктестіктің 2016 жылы атқарған жұмыс қорытындыларына қысқаша тоқталды.

Компания басшысының мәлімдеуінше, өндірісті кеңейту мақсатында алғашқы кезеңде 1,9 млрд. АҚШ доллары сомасында қаражат жұмсап, жоспарланған жұмыстарды атқаруға 20 мың адамға дейін жұмыс күшін тарту межеленген. Осыған байланысты, жуық арада құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізу белгіленген.

Бас директордың әңгімесін мұқият тыңдаған облыс әкімі игілікті істің бастамасын құптай отырып, оның ойдағыдай орындалып, межелі мерзімінде аяқталуына атқарушы билік тарапынан қажетті көмек-қолдау көрсетілетінін қаперледі.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз