Нұрлан Ноғаев басқарма басшыларын тағайындады

Cn MbxV tmQ Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев облыс активіне Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Елеусізов Айқын Қылышұлы тағайындалды.

Cn_MbxV-tmQ

Елеусізов Айқын Қылышұлы 1986 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген.   Білімі – жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітіріп,  Қазақ қатынас жолдары университетінен экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаментінде мемлекеттік органдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық  ынтымақтастық және транзиттік саясат департаменті транзиттік саясат басқармасында бас сарапшы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы, 2016 жылдың қазан айынан бері Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

 

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Құспан Роллан Қабылұлы тағайындалды.

9jl-l7Xl48o

Құспан Роллан Қабылұлы 1987 жылы 16 қыркүйекте дүниеге  келген.   Білімі – жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін есеп және аудит, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін құқық  мамандығы бойынша аяқтап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен аймақтану магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінде есепші қызметінен бастаған.

2010-2012 жылдары «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары осы бірлестіктің атқарушы директоры, 2014-2015 жылдары «Жас Отан» жастар қанатының Республикалық қоры» Корпоративтік қоры директорының орынбасары, 2016 жылдың қыркүйегінен бері Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында қызмет атқарды.

 

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары таныстырылды. Аппарат басшысының бұйрығымен бұл лауазымға Бектұрғанов Дәурен Ерсұлтанұлы тағайындалды.

Д__урен Ерс__лтан__лы

Бектұрғанов Дәурен Ерсұлтанұлы 1983 жылы 14  ақпанда  дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін маркетинг  мамандықтары бойынша аяқтап, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы Ұлыбританияның Роберт Гордон атындағы университетінен сатып алу және жеткізу тізбегін басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын Астана қаласы «Заң сараптама орталығы» ЖШС-де заңгер қызметінен бастаған.

2006-2007 жылдары «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Әкімшілік-әлеуметтік жұмыстар басқармасының маманы, менеджері, 2007-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас маман-менеджері, 2014-2015 жылдары «КА-Строй АТД»ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколында сарапшы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколында консультант қызметін атқарып келді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз