Нұрлан Ноғаев атыраулық журналистерді марапаттады

vz0ORi7hoaE Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтың үздік журналистеріне марапаттарын тапсырды.

vz0ORi7hoaE

Марапаттау рәсімі 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кеште өтті.

Шараға облыс журналистері мен сала ардагерлері қатысты.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін Республикалық «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы – Смадияр Құттыгерей мен «Қазтелерадио» Акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының бас энергетигі Шукатиров Хайрош алды.

FjW5oQeqNLU

Сонымен қатар, бірқатар журналистер облыс әкімінің Алғыс хатына, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасына, байланыс және ақпарат саласындағы жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігі үшін Тауман Амандосов атындағы жүлдеге, облыстың мәслихаттың, Орталық Коммуникация Қызметінің Алғыс хаттарына ие болды.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев журналистердің билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайту жолында атқарып жүрген еңбегін ерекше бағалап, төл мерекелерімен құттықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз