Н.Ноғаев: Біз Президенттің Қазақстан үшін атқарған ісінің өлшеусіз екенін түсінуіміз қажет

WhatsApp Image 2018 09 20 at 10.11.26 Жаңалықтар

Атырауда «Назарбаев моделі: стратегиялық жоспарлау және прагматизм» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға 5 мемлекеттен студенттер қатысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Халықаралық конференция «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында ұйымдастырылған.

Іс-шараның модераторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде Қазақстанның өткені мен бүгініне тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2018-09-20 at 10.11.26 (1)

«Шараның басты мақсаты – Елбасының ішкі, сыртқы саясаттағы жеткен жетістіктерін, алғышарттарын, елдің даму жолын көрсету. Қазақстанның дамуына елдегі барлық аймақтар өз үлестерін қосып отыр. Соның ішінде осы шараны Атырау облысында өткізудің өзіндік маңызы бар. Тарихы бай қазыналы Атырау ірі отандық және шет елдік қор шоғырланған үлкен мекенге айналған. Өз кезегінде ел дамуына атсалысқан барлық атыраулықтарға, облыс басшысына ризашылығымды білдіремін», – деді Әмірхан Рахымжанов.

Конференцияда Түркия, Иран, Өзбекстан, Ресей және Қытайдан келген студенттер Елбасының ішкі-сыртқы саясаты, бастамалары, қазақ елінің тәуелсіздіктен кейінгі жаңа тарихы туралы баяндама жасады. Жиынға қатысқан облыс әкімі Елбасы жүргізген саясаттың Қазақстанның дамуындағы басты қозғаушы күш екенін айтып өтті.

WhatsApp Image 2018-09-20 at 10.11.26

«Әлемдік саясатта өзіндік орны бар Қазақстан жолында бар күш-жігерін салған Н.Назарбаевтың елеулі еңбегін бүгінгі таңда бүкіл әлем мойындап отыр. Тарих қойнауынан ұзақ жылдар бойы толғатып, елге бағдар берген Елбасының сындарлы саясаты арқасында бүгінде қазақ елі бейбіт өмір сүруде. Бүгінгі шарамыз соның бір дәлелі. Біз Президенттің тәуелсіз Қазақстанға атқарған ісінің өлшеусіз екенін түсінуіміз қажет»,-дейді Нұрлан Ноғаев.

«Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында аудандарда да талқылаулар мен басқосулар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Атырауда «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өткен-тұғын. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайдан 2 ай көлемінде тегін тамашалауға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз