Мұнай өндірісі өседі

80866 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. Елімізде алдағы жылдары мұнай өндіру көлемін 100 миллион тоннаға жеткізу көзделуде.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Такиевтің айтуынша, шикізат өндірісінде өсім бар.

– Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Бұл Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ, теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады, – деді ол.

Оның айтуынша, номиналды жалпы ішкі өнім келесі жылы 75 триллион теңгені, ал, 2024 жылы 106 триллион теңгені құрайды. «Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2020 жылы 10,5 мың долларды құраса, 2024 жылы ол 14,3 мың долларға дейін ұлғаяды.

2020-2021 жылдары инфляцияның жылдық нысаналы дәлізі 4,0-6,0 пайыз деңгейінде сақталады. 2022-2024 жылдары бұл дәліз 3,0-5,0 пайыз шегінде болады» деді Мәди Такиев.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз