Мұнай экспорты ұлғайтылды

190805105609248e Жаңалықтар

Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2019 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін 36,201 млн тонна мұнай экспорттады.

Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,03% артық. Биыл шілдеде мұнай экспорттау көлемі 5,699 млн тонна болды (былтырғы көрсеткіш – 5,158 млн тонна).

Еске салайық, Каспий құбыр консорциумы 2018 жылы 61,084 млн тонна, яғни 2017 жылғыдан (55,107 млн тонна) 10,8% артық мұнайды экспортқа жіберген. Айта кетейік, өткен жылы КҚК-ның Новороссийск портындағы теңіз терминалынан жөнелтілген барлық мұнайдың 54,3 млн тоннасы қазақстандық кен орындарда өндірілген.

  • 2018 жылы мұнайдың ең үлкен көлемі Теңізден – 28,7 млн тонна, Қашағаннан – 13,2 млн тонна және Қарашығанақтан 10,3 млн тонна түсті.

КҚК арқылы Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігі тасымалданады.

Каспий құбыр желісі консорциумы Ресей аумағы арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау және құбыр құрылысы үшін құрылған. КҚК қашықтығы 1 511 шақырымды құрайтын «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырына ие. Ол Қазақстанның батысындағы кен орындарды Ресейдегі Қара теңіз жағалауымен байланыстырады.

КҚК акционерлері: Ресей – 24%, ҚазМұнайГаз – 19%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5% және «КТК Компани» – 7%, BG Overseas Holding Limited – 2%, «Эни Интернэшнл Н.А Н.В. С.ар.л.» – 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз