Мұхтар Алтынбаев Қазақстан армиясының қалай құрылғанын еске алды (+ФОТО + ВИДЕО)

6 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, бар ғұмырын қорғаныс саласына арнаған армия генералы, бұрынғы қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қазақ әскерінің қалай құрылғанын әңгімелеп берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, Қазақстанның дербес әскері құрылған жылдар өте ауыр кезең болған.

«8 мамыр күні маған хабарласып, шұғыл Алматыдағы резиденцияға шақырды. Ол кезде мен корпус командирі едім. Резиденцияға келсем, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов отыр екен. Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын деп едім, ол кісі президенттің бұйрығымен шақыртылғанымызды айтты. Сөйтіп елу минуттай отырдық, не болып жатқанын түсінбейміз. Бір сағаттан кейін президент шығып, «енді ТМД-ның ортақ біріккен армиясы жоқ, Ресей президенті Борис Ельцин Ресейдің қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды» деді. Содан кейін Қазақстан президенті біздің көзімізше Қазақстанның қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бастап Кеңес одағының үлкен армиясы атымен жоғалып, біздің әскердің тарихы басталды», – деп еске алды армия генералы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Mukhtar Altynbayev detail 040225 F 6655M 376

Осыдан кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Сағадат Нұрмағамбетовті қорғаныс министрі етіп тағайындап, генерал-полковник атағын

«Президентіміз» шампан қайда, Қарулы күштердің жоғары басшылығымен суретке түсейік» деді. Ал біз автоматты түрде министрдің орынбасары болып шыға келдік», – дейді Алтынбаев.

Экс-министрдің айтуынша, Кеңес одағы заманында ішкі істер министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар болса да, қорғаныс министрлігі атымен болмапты.

«Ол уақытта қорғаныс министрлігі не екенін, қалай құру керек екенін де білмедік. Өте ауыр кезең еді. Тұңғыш президентке сол сәтте қалай қиын болғанын түсінемін», – дейді ол.

Қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойылғаннан кейін, еліміз үлкен мәселелермен бетпе-бет келді. Ең үлкен проблема мамандардың жоқтығы еді.

«Кадрлық тұрғыдан әскеріміз қатты қиналды, себебі генералдар, полковниктер, өзге ұлт өкілдері өз Отанына оралып жатты. Бізге дереу оқу орындарын құрып, өз мамандарымызды дайындауға тура келді. Кеңес Одағының басқа өңірлеріндегі қазақ әскерилерін елге қайтару керек болды», – дейді Алтынбаев.

Қару-жарақ, оқ-дәрі толы қоймалар да Қазақстанда шоғырланғандықтан, мұның бәрін сақтап қалу нөмірі бірінші проблема болған. Бәрі кетіп қалғандықтан, әскери бөлімдер иесіз қалыпты.

«Бүгін армияның құрылғанына да 27 жыл өте шықты. Қазір Қазақстан армиясы қуатты деп айтуымызға әбден болады», – дейді армия генералы.

Сөз соңында Халық Қаһарманы қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

«7 мамыр әскерилердің ғана мерекесі емес, баршамыз үшін мейрам. Біздің жеріміз үлкен әрі бай, бірақ халық саны салыстырмалы түрде көп емес. Егер сырттан қандай да бір қауіп төне қалса, ұл-қызы бар бәріміз сапқа тұрып, жерімізді қорғауға әрқашан дайынбыз», – деді Алтынбаев.

8ebe3adf1a1ff182b2c7e04a5c98a8e3
d7d04b8cf97f9b1c6c68c5c70cc517fa
img 3931 15065
img 5864
img 7233
1 1
2 1
3
4 1
5 1
img 8959
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз