МОТОШЕРУШІЛЕР АТЫРАУҒА КЕЛДІ

G-global  жобасы мен Астанадағы ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесін халыққа кеңінен  насихаттау мақсатында Еуропа елдерін аралап келе жатқан мотошерушілеріміз Атырауға ат басын тіреді. 

Серік Сұлтан, Асхат Жақабаев және Дияз Байсейтовтар осыдан бір ай бұрын Қостанай қаласынан Еуропа елдеріне мотошеру арқылы саяхатқа шыққан болатын. Олар өздері жоспарлаған бір ай уақыттың ішінде Скандинавия, Германия, Нидерланды, Франция, Италия және Ресей федерациясы елдерінің қалаларын аралап келді.

Оларды Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары арнайы қарсы алып, құрмет көрсетті. Олар қала жұртшылығымен кездесіп, сапарлары жөнінде әңгімеледі.

– Мотошерудің негізгі мақсаты – өзге елдерге Қазақстанның  мәдениеті мен экономикалық жетістіктерін, «жасыл экономиканы» дамытудағы бастамаларын, спорт пен туризмнің даму барысын, сондай-ақ, еліміздің көз тартарлық керемет табиғатын, саяхат орындарын насихаттау,-дейді байкерлеріміз.

Мотоциклдің құлағында ойнаған үш жігіт енді Елорда күніне дейін Астанаға жетулері керек.  

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз