Мобильді БРИГАДА: Оның атқаратын қызметі қандай?

img 20200416 wa0170 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/21 шілде, 2020 жыл. Бүгінде емханалардың жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттердің ауруларының асқынуының алдын алу, стационарда емделгеннен кейін үйге шығарылғандардың саулығын бақылау үшін мобильді бригадалар құрылуда. Аталған топтың жұмысы біздің аймақта қалай ұйымдастырылуда? Науқастар оның қызметін қалай пайдалана алады? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздедік.

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗЫ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ- ның Атырау облыстық филиалының директоры С ә б и т Қ ұ р а л б е к т е н білгеніміздей, мобильді бригадалардың жұмысы Д е н с а у л ы қ с а қ т а у министрлігінің тікелей б а қ ы л а у ы м е н ж ү з е г е а с у д а . Емх ана л ардың жанынан құрылатын бұл топтар COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді, сондай- ақ, медициналық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және дерттің асқынуларының алдын алу үшін стационарда емделгеннен к е й і н ш ы ғ а р ы л ғ а н пациенттерді бақылайды. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді , жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілімдер бойынша патронаж жұмыстарын жүргізеді.

– Мобильді бригадалар жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау, коронавирус, пневмония белгілері пайда болған кезде науқастардың үйіне барып, ПТР-тест алады. Со­нымен қатар, диагноз қою үшін медициналық тексеріс жасалады. Халық үшін бұл қызметтер тегін болады, емханаларға қаржыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді, – деді Сәбит Райымбекұлы.

Сұхбаттасушымыздың айтуынша, есеп айырысу бойынша мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету, сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мұның барлығы жедел жәрдем қызметтеріндегі қолға алынған жаңа жұмыстар болып табылады.

БІР БРИГАДАҒА – 5 МЫҢ АДАМ

Аталған қызмет түрі біздің өңірде іске қосыла бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының б а с ш ы с ы Н ұ р л ы б е к Қабдықапаровтың айтуынша, аймақта 61 мобильді бригада жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысының құрамында дәрігерлер мен фельдшерлер қызмет етеді. Бригадалар шақырту бойынша науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсетіп, дәрігерлік кеңес береді.

– Емханалар жанынан құрылған бұл топ науқасқа соңғы көрсетілген емдеу хаттамасы бойынша көмек көрсетеді. Хаттамада 21 дәрі-дәрмек түрі жазылған. Мобильді топ мүшелері осыған сәйкес ем-дом тағайындайды. Емханада бар дәрі-дәрмектерді науқасқа тегін беруге тиіс. Бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты медициналық қызметкерлердің өздері де сырқаттанып қалып жатыр. Осы мәселеге байланысты кадр жетіспеушілігі орын алуда. Соған қарамастан біз мобильді бригадалардың санын ұлғайтуға жұмыстанудамыз. Негізінен 5 мың адамға шаққанда бір мобильді бригада қызмет етуі тиіс. Біз бүгінде осы көрсеткішке сай жоспарды орындауға жұмыстанып жатырмыз, – деді Нұрлыбек Рысқалиұлы.

Бұдан басқа, өңірде «Ко­р о н а – т а к с и » қ ы з м е т і пайда болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оның қызметін пайдаланушылар «103» пультіне қоңырау шалып, шақырта алады. Қазір облыс орталығында үш «Корона-такси» қызмет етуде. Олар әзірге түнгі ауысымда жұмыс жасап жатыр. Облыстың бас дәр і герінің айтуынша , кәсіпкерлер ұсынған көлік жүргізушілері медициналық оқу-әдістемесінен толық өткен. Бұл қызмет аудандарда да қолға алына бастады. «Қазіргі уақытта «Корона- такси» жұмысы Жылыой ауданында «Теңізшевройл» к о м п а н и я с ы н ы ң бастамасымен жүзеге асуда. Алдағы уақытта бұл қызметті к е ң е й т у і с – ш а р а л а р ы ұйымдастырылады» деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Ал, мобильді бригадалардың жұмысы бүгінде 52 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру – күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Қазіргі жағдайға сәйкес, мобильді бригадалардағы д ә р і г е р л е р м е н фельдшерлердің біліктілігін арттыру да назардан тыс қалмады.

– С a l l – о р т а л ы қ қ а тұрғындарға онлайн кеңес беру үшін Ақтөбе қаласынан медициналық академияның тоғыз маманы шақырылған болатын. Олар аталған оқу орнында ғылыммен айналысып жатқан нағыз ө з і с і н і ң м а м а н д а р ы . Атырауға көмекке келген бұл сала қызметкерлері Сall-орталықта қызмет етіп қана қоймай, емханалар ж а н ы н д а ғ ы м о б и л ь д і топтармен де кездесіп, қауіпті індетке қарсы қазіргі емдеу хаттамасына сәйкес дәрістер жүргізіп, көмек көрсетті, – деді Нұрлыбек Рысқалиұлы.

 Бүгінгі сын-сағатта медицина мамандары өз өмірлерін қатерге тіге жүріп қызмет етуде. Бұл ретте ауруханада қауіпті дертпен бетпе-бет келген дәрігерлермен қатар, науқастың үйіне барып, ем- дом көрсететін мұндай мобильді бригадалардың да жұмысы жеңіл емес. Ендеше, ақ халатты абзал жандардың ерлікке пара-пар еңбегіне қолдау білдіріп, әр адам бүгінгі сақтық шараларына бейжай қарамауы тиіс. Өйткені, басты байлығымыз адам денсаулығы мен өмірі екенін ұмытпасақ игі!

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

***

Шілденің соңына дейін елімізде мобильді бригада санын 3,5 мыңға жеткізу көзделді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Коронавирус жұқтыру күдігі болған адамдарға, індетті жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтарға амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсетеді. Осы күнге дейін мұндай 380 бригада құрылып қойды. Олардың санын 3,5 мыңға жеткізу жоспарланды. Биылғы 1 шілдеден бастап көшпелі бригадалардың қызметі үшін арнайы тариф белгіленді. Ал, емханаларға тіркелген халық учаскелік дәрігерлерден консультациялық көмек ала береді, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Мобильді бригадалар ең алғаш болып Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында құрылған болатын. Бүгінде бұл жоба еліміздің әрбір өңірінде жүзеге асып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз