Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылға шегерілді

1 5 Жаңалықтар

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап салық салу мәселелері жөніндегі түзетулер күшіне енді, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылға ауыстырылады.

1

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Ғазизовтан білгеніміздей, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайынғы жарна жасауды бастаған жұмыс берушілер сақтандыру кейінге қалдырылғанына қарамастан, өз қызметкерлері үшін өткен жылдың желтоқсан айындағы төлемдерін 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін, кейбір жеңілдік қарастырылған жеке кәсіпкерлер 25 ақпанға дейін төлеп болулары керек.

Егер олардың қызметкері жеңілдік берілген санаттардың біріне кіретін болса, аударым жасаудың керегі жоқ. Жеңілдік санатындағы азаматтарға мемлекет төлем жасайды. 17 топқа мемлекет 2020 жылдан бастап жарна аударатын болды.

«2017 жылдың желтоқсан айындағы жарналарын төлеп болған соң, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар 2018 және 2019 жылдары өздеріне жарна төлемейді.

Яғни, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келісімшарт мерзімі ішінде ай сайын төлейді. Жарна көлемі 2020 жылы келісімшарт бойынша алынған табыстың 1%-ын, 2021 жылы 2%-ын құрайды. 2018-2019 жылдары жұмыс берушілер ғана 1,5 пайыз төлем аударып тұрады»,-деді Байтолла Закарияұлы.

Нұргүл НАСЫР

Фото zhambylnews.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз