Милләт апаның мерейлі сәті

Құрмет Жаңалықтар

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов тоқсан жастың төріне көтерілген еңбек ардагері Милләт   Сабырқызын қабылдап, құттықтады.

Құрмет

– Сізді облыс әкімінің атынан құттықтаймын. Қиғашта қанаттанып, Жылыойда жар-қыраған сіз  алдымен Теңіз, кейін Ембі аудандарында атқару комитетінің төрайымы болдыңыз. Ерлерден еш қалыспай, елеулі еңбек еттіңіз. Өңірдің дамуына қосқан сүбелі үлесіңізді халық жақсы біледі. Жастарға үлгі-өнеге, ақылшы ретінде ортамыздан әлі де табылып келесіз, – деп аймақ басшысының атынан құттықтау хат тапсырып, қазақы дәстүрге сай камзол кигізді.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов те  құттықтау лебізін білдірді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз