Мейрамхана әкімшісіне 68 мың теңге айыппұл салынды

ФОТО СОТ Жаңалықтар

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жұмысқа қабылдағаны үшін мейрамхана әкімшісіне 68 мың теңге айыппұл салынды. Әкімшілік іс Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

ФОТО - СОТ

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың қыркүйек айында Құлсары қаласындағы мейрамхана әкімшісі кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ойын сауық мекемесінде даяшы болып жұмыс істеуіне жол берген.

Сот отырысында әкімшілік құқық бұзу фактісі айыпталушының және жасөспірімдердің түсініктемелерімен дәлелденген.

Сот қаулысымен мейрамхана әкімшісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 132-інші бабы, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 68 070 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото gztslovo.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз