Меценат жабдықтаған кабинет

40318650 233311904028557 2287377987030482944 n Жаңалықтар

«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Короблев «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Атыраудағы Көлік және коммуникация колледжінің «Көлік құрылғылары» кабинетін жөндетіп, қажетті құралдармен жабдықтап берді.

40318650_233311904028557_2287377987030482944_n

– Индустрияландыру және экономиканы жаңғырту бағдарламасы аясында елімізге білікті мамандар қажет. Кабинет білім беру сапасын және студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жабдықталды. Осы тұрғыда білім саласына жасалған көмектің маңызы зор, – дейді А.Кораблев.

Бұл ізгілікті іске меценат 2 млн. теңге көлемінде өз қаржысын бөлген. Сондай-ақ, кабинетке демеушінің есімі беріліп, интерактивті тақта, проектор, үстелдер, үш компьютер, принтерлермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта студенттердің білім деңгейін көтеру үшін техникалық әдебиеттерді, плакаттар мен жұмыс модельдерін сатып алу жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған 30-дан астам қайырымдылық іс-шара барысында 3500   адамға 7 млн. теңге  көлемінде  игі жұмыс жасалған. Ассамблея қолға алған ізгілікті шараның бірі – «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясын іске асыру бағытында 400 әлеуметтік-қамқорлық іс-шарасы өтіп, мұқтаж жандарға 78 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз