Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

koran molitva allahu Жаңалықтар

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

«Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:

– 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);

– жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)», делінген комиссия шешімінде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз