Мешіт маңында есірткі шеккен екі келіншек жұрттың зәресін ұшырды (видео)

egXrm5TVHZ8 1 Жаңалықтар

Алматы мешітінің маңындағы екі келіншіктің оғаш әрекеттері жұртты шошытты. Жазба авторы олардың есірткі пайдаланғаннан кейін осындай күйге түскенін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

egXrm5TVHZ8

Видеода екі әйел «масайған күйдегідей» бір орында қозғалыссыз тұрғаны байқалады. Жақын маңдағы үйдің тұрғындары әйелдерді видеоға түсіріп алған. Жазба авторының сөзіне сенсек, әйелдер мұндай күйде бірнеше минут бойы тұрған.

Бұл жайт Алматының Розыбакиев көшесіндегі мешіт маңында болды. Видеоны көрген желі қолданушыларының барлығы дерлік нәзік жандылар есірткі қолданған деп топшылап отыр.

https://youtu.be/E0A8l2Vpg3s

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз