Мереке күндері жолдар жабылады

0 7 Nochnoi Atyrau Ulisa Satpaeva Fotografiy 2007 goda Жаңалықтар

0_7_Nochnoi_Atyrau_Ulisa_Satpaeva_Fotografiy_2007_goda

6 мамырда «ATYRAU MARATHON» атты марафоны өтуіне орай, көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Шәріпов, Қарымсақов көшелері және Азаттық даңғылы бойында сағат 09.30-дан 11.00-ге дейін, Қ.Сәтбаев даңғылы мен Әбілқайыр хан даңғылы бойында сағат 09.30-дан  13.30-ға дейін уақытша көлік қозғалысы жабылады.

Марафон өтуіне байланысты жол-көлік қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

******

7 мамырда ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған Атырау гарнизоны  бөлімдерінің әскери шеруі өтуіне орай, көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Пушкин көшесінен бастап, Бақтыгерей Құлманов көшесі бойымен «Исатай-Махамбет» алаңына дейін көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Қозғалыстың тежелу уақыты ағымдағы жылдың 7 мамыр күні сағат 10.30-дан басталып, сағат 12.00-ге дейін созылады.

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған Атырау гарнизоны  бөлімдерінің әскери шеруі өтуіне байланысты жол-көлік қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралад.

******

8 мамырда «Қаһарман Ұлт-Бессмертный полк» жалпы республикалық акциясы өтуіне орай, көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Владимирский көшесі бойымен «Жеңіс» саябағына дейін көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Қозғалыстың тежелу уақыты ағымдағы жылдың 8 мамыр күні сағат 09.30-дан басталып, сағат 11.00-ге дейін созылады.

Республикалық акция өтуіне байланысты жол-көлік қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз