Мереке аясындағы маңызды шаралар

жаналыктар3 Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай журналистер мен фототілшілер арасында жарияланған байқау қорытындыланып, жүлдегерлер анықталды. «Мәңгілік ел» шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасы желтоқсан  айының онында өткізілмек. Ал, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» об-лыстық акциясы 13 желтоқсан күні өз мәресіне жетпек. Мега-жоба аясында еңбек озаттары да назардан тыс қалмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Зылиха Таласбекова толығырақ баяндап берді.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%803

Атап айту керек, егемендік алғаннан кейінгі 25 жыл ішінде еліміз бұрын-соңды болмаған биікке жетті. Тәуелсіздік жылдарындағы толайым табыстардың бірі  – әлеуметтік маңызы бар жобалардың мемлекет тарапынан қолдауға ие болуы Зылиха Елубайқызының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, нәтижелі жүргізілуде. Мәселен, осыдан тоғыз жыл бұрын үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалары мен жастар саясатын жүзеге асыруға небәрі 29 млн.  теңге  бөлінсе, ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 322,4 млн.  теңгеге жеткен.

Бұдан басқа, аталған басқарма тәуелсіздігімізді айқындайтын белгілердің бірі – мемлекеттік рәміздерге қатысты жұмысты үйлестіру комиссиясының жұмысшы органы болып табылады.

– Бүгінгі таңда аталған сала қызметінің басты бағыты –  биыл қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, сонымен қатар, ұлттық стандарт енгізілуіне байланысты қолданыстағы Елтаңбаның 2017 жылғы 1 шілдеге дейін толықтай ауыстырылуын ұйымдастыру жүр-гізілуде, – деді ол.

Ал, егемендігіміздің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» шығармашылық конкурсына 22 мерзімді баспасөз және 8 телеарна журналистерінен материалдар ұсынылыпты. Жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайтын байқау талаптарына сай келмегендіктен, сегіз тілшінің жұмысы қатыстырылмаған. Конкурсты үкіметтік емес ұйым ұйымдастырғанымен, барлық материалдар басқармаға жолданған. Бүгінде арнайы комиссия материалдарды сұрыптап, жеңімпаздарды анықтаған. Злиха Елубайқызы қорытынды шара жуырда өткізілетінін жеткізді.

«Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» республикалық мега-жобасы шеңберінде бастау алған облыстық акцияның салтанатты жабылуы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылмақ. Мұнда өңірдің жеткен жетістіктерінен көрмелер жасақталып, еңбек озаттарын марапаттау рәсімі өткізіледі деп күтілуде.

Тағы бір атап өтер жайт, мереке қарсаңында жалпыреспубликалық акция аясында қайырымдылық көмектер көрсетілуде. Оған кәсіпкерлермен қатар, жастар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер тартылған. «Облыс бойынша ардагерлер, мүгедектер, көмекке мұқтаж зейнеткерлер, тұрмысы төмен көп  балалы отбасылар, соның ішінде «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталған аналарға барлығы 6074 жанға 68 млн. теңгеден астам қаржыға қолдау көрсетілетін болады»  деп атап өтті З.Елубайқызы.

Айбөпе Сабырова

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз