Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі неде?

photo 2019 11 28 11 06 20 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненова мен бас маманы Айнагүл Қақиева Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Тұңғыш Президент күні қарсаңында студенттермен кездесу өткізді.
Мемлекеттік қызметтің білікті мамандары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызметтің алдына қойған ерекше міндеттері мен мемлекеттік қызметшінің биік беделі мен асқақ абыройы, этикетті үлгілі қасиеттері қандай болу керектігін айтып берді. Қазақстанда мемлекеттік қызметке қалай кіруге болады? – деген сауалға жан-жақты түсіндірме берді.

  • Мемлекеттік қызметке кіру үдерісі конкурс ұғымына біріктірілген бірнеше кезеңнен өтеді. Егер мемлекеттік органда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттарды конкурстық іріктеу өткізіледі. Бос орындар апта сайын мерзімді баспасөзде, сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІ) сайтында жарияланады, – деді Шолпан Қайненова.
  • Мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе жаңадан қабылданатын азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді:
  1. Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;
  2. Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу;
  3. Соңғы әңгімелесу;
    Ең күрделі кезеңдердің бірі мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуге тестілеу рәсімін міндетті түрде өткізу болып табылады. Бұл тестті алдын-ала тапсыруға болады, оның қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды. Тестерді сәтті тапсырған жағдайда, белгілі бір бағдарлама бойынша сертификат беріледі. Осы сертификатпен онда көрсетілген санаттар бойынша кез келген конкурсқа қатысуға болатынын бас маман Айнагүл Қақиева түсіндіріп айтты.
  • Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
    Конкурс жариялаған мемлекеттік орган құжаттарды біліктілік талаптарына және мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін қарайды, содан кейін қабылданған шешім туралы Сізді 2 жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Лауазымға орналасу шарттарына сәйкес келген жағдайда Сіз әңгімелесуге қатысасыз (хабарланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде), -деді Шолпан Қайненова.
    Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері студенттердің сұрақтарына жауаптарын берді. Институтты бітіргелі жатқан студенттердің осы бастан өз бақтарын сынап, тест емтихандары сынақтарына қатыса берулеріне болатынын жеткізді.

АИГИ Баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз