Мемлекеттік қызметшілер туралы бейнеролик қалың көпшілікке ұсынылмақ (+ВИДЕО)

slide1 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын, әдебін транформациялауға бағытталған «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» атты Елбасының бағдарламасы жарияланған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=kDZlWhRvPwA&feature=youtu.be

Аталған бағдарламаның алғашқы 15 қадамы, Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, яғни мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталды.

– Облысымызда мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметке халықтың сенімін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін жоғарылату мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.


Осы орайда мемлекеттік қызметкер үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор.

Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, жергілікті тұрғындар мен жастардың арасында мемлекеттік қызметке түсу жолдарын кеңінен насихаттау мақсатында жас мемлекеттік қызметшілер және олардың жеткен жетістіктері туралы арнайы имидждік видеоролик әзірлеп көрермен назарына ұсынады.

Дереккөз: Atr-Ақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз