Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі қандай?

1517202597 list 2 Жаңалықтар

Atr.kz/29 шілде, 2019 жыл. Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі қандай? Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет саласына орналасуға қызығушылық танытып жүрген азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Осы ретте мемлекеттік қызметке тұрудың талаптары қандай екенін айтуды жөн көрдік.

1 кезең:

Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тестілеуден өту Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей электронды үкімет веб-порталы арқылы немесе Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы бекітілген нысан бойынша өтініш береді.

Өтініш тапсыру кезінде үміткер өзіне қажетті тестілеу бағдарламасын таңдайды. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу санатына байланысты бағдарламадан тұрады. «Б» корпусының лауазымына кандидат мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, күнін және уақытын таңдайды.

Тестілеуге жазылу электронды үкімет веб-порталында тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады. Үміткер ҚР мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтеді.

Қазіргі өзгеріске орай үміткерлер тестілеуден оң нәтиже көрсеткен кезде тест нәтижелері Е-қызмет ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сақталады.

2 кезең:

Жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өту «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Бұл тестілеуге алдыңғы тестілеуде шектік мәндерден төмен нәтиже алған адамдар жіберілмейді.

Тесттерді орындау үшін 100 минут уақыт беріледі. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі бойынша растық деңгейі 50 %-дан төмен болса, ол азамат тестілеуден өтпеді деп танылады.

Аталған тестілеуде белгіленген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлер 1(бір) айдан кейін ғана қайта тестілеуге қатыса алады. Тестілеу аяқталғаннан кейін адамдарға тестілеу операторының қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.

3 кезең:

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсқа қатысу Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның немесе уәкілетті органның интернет ресурсындағы (qyzmet.gov.kz)
хабарландырулармен танысуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электронды пошта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:

– Өтініш;

– 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

– Білімі туралы құжаттар мен олардың нотариалды куәландырылған қосымшалары;

– Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

– Құжат тапсырғанға дейінгі алты айдан аспайтын уақытқа берілген денсаулығы туралы медициналық анықтама, нөмірі 086 нысан;

– ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– Психо-неврологиялық ұйымның анықтамасы;

– Наркологиялық ұйымның анықтамасы.

  • Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз