Мектептің даму стратегиясы айқындалды

Поп совет 44 Білім

Назарбаев зияткерлік мектебі жыл аяғында өтіп жатқан ауқымды шаралардың қорытындысы қамқоршылық кеңестің отырысында сөз болды. «Қамқор» сөзінің астарында үлкен мағына, терең ой жатыр.

%d0%bf%d0%be%d0%bf-%d1%81%d0%be%d0%b2%d0%b5%d1%82-44

Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру жолында өз үлестерін қосып, Елбасы сенім артқан ел ұрпағына қамқоршылықтарын көрсетуге бастаған игі істері үшін облыс әкімінің орынбасары, бірауыздан кеңес төрағасы болып сайланған Әлібек Нәутиев, Кеңес құрамындағы облыстық білім басқармасы қызметкерлерімен Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің Абзал Талтенов  бастаған профессорлық құрамына, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра менгерушісі Нұрзила Сарсенова, Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Қуанғали Қожантаев, «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман, әрдайым жанымыздан табылатын, қамқор ата-анамыз Жанарбек Жарылқасымов, Гүлнар Тәжиева және «Sayir Trade» ЖШС директоры Михаил Ханге зияткерлік мектебі ұжымы сенім білдірді.

%d0%bf%d0%be%d0%bf-%d1%81%d0%be%d0%b2%d0%b5%d1%82-35

Қамқоршылық кеңестің шешімдерін жүзеге асыруда қоян-қолтық араласып, мектебімізбен етене жұмыс атқарған ардагер ұстаз Нұрзила Сәрсенқызы Назарбаев зияткерлік мектебінің есігі, тәжірибесін толықтырып, жаңашылдыққа ұмтылған барлық тұлға үшін қашан да ашық екендігінің куәсі болып жүргенін атап өтті.

%d0%bf%d0%be%d0%bf-%d1%81%d0%be%d0%b2%d0%b5%d1%82-47

Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланған Әлібек Ибатоллаұлы тың идеялар мен салиқалы ұсыныстарын ортаға салды. Мектеп басшысының қорытынды есебі мен 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдықтарын тыңдай келе, мектеп қызметіне жоғары бағасын берген кеңес төрағасы: «Республикамыздағы білім ошақтарының флагманы болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктері қазірдің өзінде көрініп жатыр. Ал бірнеше жылдан соң жемісін де көреміз. «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп Елбасының өзі атап көрсетті. Орта білім жүйесіне бүгін енгізуді мақсат етіп отырған жаңалықтардың барлығы Зияткерлік мектептерде тәжірибеден өтіп, тиянақты жолға қойылған үрдіс болып табылады. Сол себепті мектеп ұжымымен қатар мектеп түлектерімен де ЖОО-нан демалысқа келгенде жалпы орта білім беретін мектеп қабырғаларында шәкірттермен кездесулер ұйымдастыру қажет. Өскелең ұрпақ білім мен тәрбие алу барысында кімдермен теңесіп, кімдерден үлгі алулары керектігін білуге құқылы», – деген тұжырым жасады.

Сонымен қатар әдістемелік семинарларды өңіріміздегі барлық аудандарда өткізуді және осынау игі істердің бәрінің жүзеге асырылуына білім басқармасының қолдау көрсетуін тапсырды.

Гүлнар ІЗМАМБЕТОВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің

қамқоршылық  кеңес хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз