Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс

dte2kpn0cfay5h6kzeum watermark Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының басшысы Сәбит Құралбек «Atr.kz» сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі мәлімдемесінде баса айтты. Президенттің осынау тапсырамасына байланысты облыста медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қолжетімді болып қала береді. Яғни, бүгінге дейін мәртебесі анықталып, сақтандырылған азаматтармен қатар, сақтандырылмағандар да денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметті пайдалана алады. Өйткені, қазіргі жағдайда қазақстандықтарға ақхалаттылардың қызметі аса қажет екені анық.

Қауіпті індетпен күресте барлық медициналық қызмет қолжетімді болуы тиістігін Мемлекет басшысының қатаң тапсыруы өте орынды. Осы орайда бүгінде барлық медицина қызметкерлерінің жұмыла еңбек етіп жатқанын білесіздер. Олар – расымен де бүгінгінің нағыз батырлары. Өйткені, олар өз отбасыларынан алыстап, күні-түні адам өміріне араша түсуде. Сондықтан, Президент айтқандай, қазіргі уақытта оларға қандай қолдау көрсетсек те әбден лайық.

Осы орайда дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де назардан тыс қалмай шешімін тапты.
Ендігі уақытта осынау дертпен күресуде әрбір тұрғын өз саулығына бейжай қарамай, дәрігерлер айтқан барлық сақтық шараларын қатаң орындаса екен, – дейді ол.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-2-mln-meditsinalyқ-maska-tәrkilendi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз