Медицина саласын таңдаған мектеп бітіруші 70 түлекке Атырау облысы әкімінің гранты бөлінеді

5b7643c78140b Жаңалықтар

 Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл.  Биыл медицина саласын таңдаған мектеп бітіруші 70 түлекке Атырау облысы әкімінің гранты бөлінеді.

Бұл туралы Атырау қаласында өтіп жатқан Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы жастарының форумында Атырау облысы  денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева мәлімдеді. 

5b7643c78140b

– Былтыр Атырау облысына медицина саласына 123 жас маман жұмысқа келді. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында жас сала қызметкерлері пәтермен, бір жолғы  қаржылай көмекпен қамтылды. Сондай-ақ, өткен жылы өңірде жетіспейтін болашақ дәрігерлерді дайындау үшін 50 мектеп бітіруші түлек облыс әкімінің грантын иеленді, – деді спикер Гүлнафис Әбділдақызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз