Медициналық мекемелерде жоспарлы емдеу басталады

281975 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/7 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді.

Атырау облыстық көпсалалы ауруханасы 400 орындық провизорлық стационар ретінде жұмыс істесе, онда 200 орынды қалдыру және 17 тамыздан бастап басқа 200 орынды жоспарлы науқастарды емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал облыстық балалар ауруханасы 3 тамыздан бастап жоспарлы емдеуге кіріскен.

«Облыстық онкологиялық диспансер бұған дейін өз жұмысын тоқтатқан жоқ – онда covid-19 тестін тапсырғаннан кейін пациенттерді қабылдау мен емдеуді жалғастырды», – деп атап өтті Г. Танбаева.

Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда 834 төсек-орын болса, бүгінде олар 50 пайызға толтырылған – онда 434 науқас ем алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз