Медицина маманы жетіспейді

whatsapp image 2020 07 03 at 15.05.21 Жаңалықтар

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазір өңірде өткір тұрған проблеманың бірі –медицина кадрларына тапшылық.

«Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді», – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.

Атап өтілгендей, қазір медицина саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз