«Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама»

666264 Білім

Ата-бабамыздан жеткен «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім  іл» деген халық даналығы әлем елдерімен байланыс жасап отырған бүгінгі заманның саналы ұрпағына көп тілді меңгертумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауды да басты назарға қойып отыр.

666264

Осы орайда Қатира Дүтбаева атындағы  Атырау гуманитарлық  колледжінің филология бөлімінде өткен «Заманауи оқыту – көптілді білім берудің мүмкіндігі» атты облыстық семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәні оқытушылары  Ж.Мағазова, Р.Есенғариева және осы жолдардың авторы өткізген «Тұрақты сөз тіркестері» атты ашық сабақ өте мазмұнды болды. Онда халқымыздың үш және жеті санын қасиетті сан деп бағалайтындығы нақты көрініс тапты. Яғни, жеті ата, жеті қазына, жеті қарақшы, жеті қару, жеті жұт немесе үш арсыз, үш жұрт, үш байлық сияқты ұғымдардың да тегін емес екендігі талдап түсіндірілді. Ұстаздар ұлы даланың жеті қырына үш тілде тоқталып, Елбасы атап көрсеткен «Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама» деген қағиданы дәлелдеп берді.                          .

Ұлы тарихымызды келешекке ұғындыратын  біздің  ұстанымымыз – ұлттық құндылықтарға тамыр жіберген, үш тілді жетік меңгерген мамандар тәрбиелеу. Білім үрдісінде практикалық тұрғыдан инновациялық әдістемеліктерді қолдану артықшылықтарын көрсетуді мақсат еткен семинар барысында жастардың ұтымды пікірлермен үш тілде біліктілік танытуы көпшілік көкейінен шықты. Мемлекеттік тіл мен  индустрия тілінің үйлесім тапқанын  және ана тіліміздің рухани қазына бесігі екенін  көрсеткен заманауи білім беру мүмкіндіктеріне құрылды. Ашық сабақ көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» өлең жолдарымен қорытындыланды.

Кенжегүл ШАЛАБАЕВА,

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің  жоғары санатты оқытушысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз