Массаж жасауға келіп, ұрыға түсіпті

thai massage head ear face top Жаңалықтар

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Атырауда тәртіп сақшылары 31 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жуырда полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу үйіне ұрыға түскенін хабарлаған. Арызданушы күдіктінің үйіне массаж жасауға келгеніне шағымданған. Ақшадан бөлек ол алтын бұйымдарды да қолды еткен. Келтірілген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы, 1-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronavirus%d2%9ba-shaldy%d2%9b%d2%9ban-kimder/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз