Маскүнем 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

1 45 Жаңалықтар

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында науқас М.А.-ны наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу бойынша азаматтық іс қаралды.

1

Іс құжаттарынан анықталғандай, науқас тұрғылықты мекен-жайы бойынша теріс жағынан сипатталады. Яғни, маскүнемдікке салынып, бірнеше мәрте әкімшілік   жауапкершілікке, соның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін жауаптылыққа тартылған.

Сот шешімімен талап қоюшы – Атырау облыстық наркологиялық диспансерінің арызы қанағаттандырылды. Азамат М.А. наркологиялық ұйымға 6  ай мерзімге алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Айдос Қарабала

Фото tlt.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз