Мәртебесі анықталмаған мамандық

img 20200904 wa0124 1024x682 1 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы бұқара арасында кеңінен талқыланып жатыр. Алайда, оны халыққа жеткізудің түрлі тәсілдері бар. Мұның бәрін жүзеге асыратын журналистердің мәртебесі сөзбұйдаға салынғанына да көп болды. Жақында өткен Атырау облысы бойынша «Бас редакторлар клубының» шектеулі құрамдағы кезекті жиынында осы мәселелер талқыланды.

 О б л ы с т ы қ і ш к і с а я с а т б а с қ а р м а с ы б а с ш ы с ы н ы ң орынбасары Злиха Таласбекова аймақта Президент Жолдауын насихаттау жөнінде арнайы жоспар жасақталып, біраз жұмыстар қолға алынғанын айтты. Дегенмен, оны көпшілікке жеткізуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ерекше мән беріп, сараптама, талдаулар арқылы ұғынықты жеткізуі жөн екендігіне тоқталды. А л , « А т ы р а у – А қ п а р а т » ЖШС директорының бірінші орынбасары Рауан Сәбитов:

– Жолдауды насихаттауда бұрынғы тәсілден гөрі, нақты дәлелдемелермен зерделеген маңызды. Осыған байланысты « А т ы р а у – А қ п а р а т » Ж Ш С жүйелі жоспар жасады. Қазір 2 облыстық, 7 аудандық газетте материалдар мазмұнды беріле бастады. Өңірдегі ахуалға журналистердің қырағылық танытуын да басты назарда ұстап отырмыз,- деп атап көрсетті.

7aba739a f47f 4247 b548 0116fc41c053

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Қанат Әуесбай теледидарда жаңа жобалар а ш ы л ы п , к ө р е р м е н г е ж о л т а р т қ а н ы н , Ж о л д а у д ы насихаттау негізгі бағыт екенін атап өтті.

 – М е м л е к е т б а с ш ы с ы экологиялық құндылықтарды қоғамда кеңінен дәріптеудің маңыздылығын атап айтты. Қоршаған ортаға қатысты м ә с е л е л е р д і ң б а р л ы ғ ы экологиясы нашар Атырауда т ұ р ы п ж а т қ а н м е н ү ш і н өте маңызды. Осы орайда Экологиялық кодекс жобасының жаңа редакциясы түзілуі де қ ұ п т а р л ы қ . С о л а р қ ы л ы е л і м і з д е г і э к о л о г и я л ы қ түйткілдердің бірталайын заңнамалық тұрғыда шешуге жол ашылғаны қуантады, – деді Қанат Әуесбай.

a8a664b9 dc34 4891 bb69 4d975f2d19c0

Сонымен қатар, ол Президент Жолдауындағы экологиялық білім беру мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты айтылған с ө з д е р ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ идеялардың туындауына себепші болғанын баяндады.

«Журналистік білім берудің сапасы неге түсті?» деген сауалдың жауабын филиал директоры сападан гөрі, коммерциялық мүддені ойлайтын жекеменшік о қ у о р ы н д а р ы н ы ң қ а т а р ы көбейгенімен байланыстырды.

b8d80449 abe4 4473 aaf2 fd74c23faca5

Күн тәртібіндегі айтылуы бар да, шешімі жоқ, қызу талқыға түсетін журналистердің мәртебесі туралы «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов заң шеңберінде қарау керектігін ұсыныс етіп айтты.

– Қоғамның қай саласына да араласып, бұқарамен біте қайнасып келе жатқан БАҚ қызметкерлерінің мәртебесі әлі күнге айқындалған жоқ. Сондықтан, олардың әлеуметтік, құқықтық, басқа да мәселелері тасада қалып келеді. Мұны республикалық дәрежеде көтеріп, қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуге немесе заңды қайта  қарауға ықпал ету қажет деп ойлаймын, – деді ол.

Бұл пікірді қолдап сөйлеген «Алтын аймақ» газетінің бас редакторы Төлеген Берішбай х а л ы қ т ы ң м ү д д е с і ү ш і н жұмыс жасау маңызды екенін, клубтың журналист құқығын қорғау, олардың біліктіліктерін а р т т ы р у ғ а ж а ғ д а й ж а с а у қажеттігі жөніндегі ойымен бөлісті. Ал, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев журналист жауапкершілігі жайына тоқталды.

Атыраулық бас редакторлар клуб қызметі тек бас қосып, кезекті мәселелерді талқылау емес, БАҚ қызметкерлері үшін маңызды тақырыптарды екшеп, тиісті дәрежеге дейін көтеру тәрізді келелі міндеттерге негізделуін баса көрсетті. Әсіресе, сала қызметкерлерін  әлеуметтік-тұрмыстық және құқықтық жағынан қолдау аса маңызға ие. Мұның тек Атырауда емес, барлық өңірлерге тән екені де атап айтылды.

385538c1 e47b 4359 b226 28340db16306

– Расында, бүгінгі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Журналистке қойылар талап та жоғары. Оның үстіне әлеуметтік желінің әсері бар. Соған қарамастан, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, қазақ журналистикасының тамырына қан жүгірту, ұлттық мүддені алға ұстау – басты міндетіміз, – деген клуб төрағасы Жанай А м а н т у р л и н б а р л ы қ б а с редакторларға көтерілген жайды назарға ұстап, осы бағытта бірлесе қарекет етуге шақырды.

Б а с р е д а к т о р л а р жиынында талқыланған БАҚ қызметкерлерінің мәртебесі м е н қ ұ қ ы қ т а р ы ж ө н і н д е мәлімдеме-ұсыныс дайындалып, республикалық Бас редакторлар клубының талқысына жолданды.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз