Мақат пен Доссорға ортақ қоқыс полигоны салынады

img 20201010 wa0104 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ә.Бекмұхаметов Мақат ауданына іс-сапармен арнайы барды.

Сапар барысында департамент басшысы Мақат ауданының әкімі Ш.Кейкинұлы, шаруагерлер және «AQIQAT» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Ғабдуллинмен кездесті.

Кездесуде ауданға қарасты Дассор поселкесіндегі экологиялық мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Доссор, Мақат поселкесі сыртындағы бұрыңғы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигонның қоршалмағандығы, осы күнге дейін бірнеше мәрте өртеніп, салдарынан түтін ауылға қарай ұшып, кейбір кезде қоқыстардың өртену салдарынан түтін ауылға қарай жылжып, жағымсыз иіс шығып, тұрғындардың мазасын алған кездер болғандығы айтылды.

Бұдан басқа, қазіргі таңда Мақат ауданының әкімдігінің тапсырмасымен Мақат-Доссор ортасынан жаңа полигон құрылысы мердігер мекемемен жүргізіліп жатқандығы және осы құрылысы бітпегені, алаңға қазіргі таңда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алынбай қоқыстардың төгіліп жатқандығын шаруагерлер тілге тиек етті. Дегенмен, департамент басшысы аталған мәселеге қатысты тексеру жұмыстарының жүргізілгендігін айтты.

Тексеру қорытындысымен, Мақат аудандық әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысына уәкілеттік қызметін толық атқармағаны үшін ҚР ӘҚБтК 328 және 332 баптарымен әкімшілік істер қозғалып, барлығы  83 340 теңге айыппұл салынғанын айтты.

Сонымен қатар, департаменттен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Мақат ауданының босалқы жерінен тұрмыстық қатты қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі нысанның құрылысын міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткенге дейін және пайдалануын қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алғанға дейін тыйым салу туралы талап-арыз берілді. Қазіргі таңда талап- арыз қаралу үстінде.

Сондай-ақ, департамент басшысы Мақат аудандық су тазалау қондырғысының  жұмысымен танысып, мамандардың жұмысына сәттілік тіледі.

Аслан Жеңісұлы,

Атырау облысы бойынша экология департаментінің ресми өкілі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз