МАҢЫЗДЫ! 25 қыркүйектен бастап Атырауда қай бағытта пойыз қатынасы жүретіні белгілі болды

0 50 COVID-19: Соңғы поштадан...

atr.kz/22 қыркүйек, 2020 жыл25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарында пойыздар қатынасы қайта жанданады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тасымалдаушы компания жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ

сайты арқылы ресімдеу, санитарлық-карантиндік талаптарды, вокзал аумағында жəне пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрады. Сондайақ, сапарға шығар күні билет болмаса, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске салды.

Пойыздардың жаңа кестесі туралы барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Жүру уақыты:

1) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы: Атыраудан 26 қыркүйек, Алматыдан 28 қыркүйектен;

2) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы: Атыраудан 25 қыркүйек, Нұр-Сұлтаннан 27 қыркүйектен;

3) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы: Атыраудан 25 қыркүйек, Маңғыстаудан 26

қыркүйектен;

4) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы: Ақтөбеден 25 қыркүйек, Атыраудан 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз