МӘМС: «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы іске қосылды

07117a51f06000b32464c63d3956a5aa generic Жаңалықтар

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындардың арыз-шағымын қабылдайтын «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек айтты.

Аталған мобильді қосымша – сақтандыру қорының халықпен кері байланысы үшін қолға алынған тетіктің бірі. Бұл арқылы пациенттер қосымшаға кіріп, денсаулық сақтау жүйесі  бойынша шағым қалдыра алады. Тұрғындардан түскен барлық шағымдар тіркеуге алынады. Әрі қарай өңделіп, жолданымдар тізіміне енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жолданымдар белгіленген мерзімде талдаудан өтіп, шешім қабылдану үшін сарапшы мамандарға жіберіледі.

Сондай-ақ, осы қосымшада денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына баға беру  қарастырылған. Бұл арқылы емханалар мен ауруханалардың рейтингі анықталады. Бұдан басқа, пациенттер сұрақтары бойынша қордың аймақтық филиалына да жүгіне алады. Сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына, яғни 1406 нөміріне де хабарласуға болады», – деп түсіндірді Сәбит Райымбекұлы.

Спикердің сөзінше,  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде тұрғындардан түскен жолданымдарды мұқият қарап, апта сайын ең маңызды сұрақтар бойынша жүйелі шешімдер қабылдайды.  

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zha%d2%a3a-e%d2%a3beka%d2%9by-t%d3%a9leu-zh%d2%afjesi-engizilmek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз