Малды асылдандыру мәселесі қалай шешілуде?

4dd3541e43aed8a7bbf2e9ec3bbb3e18 Жаңалықтар

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Қызылқоға ауданы – облыстағы малды өңірлердің бірі. Статистикалық деректер­ге сүйенсек, бүгінгі таңда мұндағы шаруа қожалықтарының меншігіндегі төрт түліктің саны екі жүз мыңды құрайды.

Соның ішінде, мүйізді ірі қара – 30 854, қой-ешкі – 150 610, жылқы – 14 490, түйе – 1 743 бас. Ауданда типтік жобадағы екі қасапхана мен үш мал сою алаңы жұмыс жасайды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ауданда барлығы үш мың тоннадан астам ет, екі мың тоннаға жуық сүт өндірілді.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, тек өткен жылдың өзінде ауданда 66 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысты. Осы мақсатта 56 аталық және 489 аналық мүйізді ірі қара, 157 қошқар мен 108 жылқы сатып алынды. Атакәсіпке бет бұрған шаруашылық субъектілері жалпы сомасы 104 млн. теңгенің жеңілдетілген несиесін алса, мұның тең жартысына жуығы асылдандыру бағытындағы шаруа қожалықтарына берілген. Тұтастай алғанда, аудан бойынша 2019 жылға бөлінген несие көлемі 342 млн. теңгеге тұрақтады.

Өзекті проблеманың бірі алыс мал жайылымдық учаскелерді тиімді игеру, тұрақты су көзімен қамтамасыз ету болып отыр. Оны оңтайлы шешу үшін үш ірі шаруашылықта жерасты суын бұрғылау жұмыстары жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, орталықтан шалғайда орналасқан 54 шаруа қожалығы өз қыстақ үйлерінің шатырына күннен электр қуатын алатын панельдерді орнатып, тұрмыстық техникалардың игілігін көріп отыр. Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдарының иелігінде түрлі науқандық жұмыстарды атқаруға арналған мыңға тарта ауыл шаруашылығы техникасы (атап айтқанда, 544 трактор, 55 жол-құрылыс машинасы және төрт комбайн) бар.

Шабындық алқаптарды суландырудың қиындықтарына қарамастан, қызылқоғалық шаруагерлер қысқа қажетті мал азығын да күш-мүмкіндіктері жеткенінше аудан аумағынан дайындауға дағдыланған. Соңғы кездері малды өңірде егіншілікті өркендетуге де басымдық беріліп отырғандығы байқалады.

Қызылқоға ауданы

 Төскейде өрген төрт түлік

 Алғашқы тоқсанда аймақтың агроөнеркәсіп саласы айтарлықтай нәтижелерді еншіледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған мәліметтерге қарағанда, осы кезеңде облыста төрт түлік саны кеміген жоқ. Мүйізді ірі қара – 177 395, қой-ешкі – 609 753, жылқы – 78 407, түйе 33 027-ні құрап, жыл басындағы мал басы толықтай аман сақталды. Соған сай, алынған өнім көлемінің көрсеткіштері де көңілдегідей болды.

–Бұл күндері аймақтағы атакәсіппен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарында мал төлдету науқаны да ұйымшылдық жағдайында өткізілуде, – дейді салалық басқарманың бас маманы Таңатар Мусин.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/kafe-sa%d1%8fbaqtar-ashylady-atyrauda-bas-sanitari%d1%8flyq-dariger-qaulysynyn-tolyq-nusqasy-zhari%d1%8flandy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз