Мал сойғанын хабарламағандар айыппұл төлейді

092494 Жаңалықтар

Заңға сәйкес, ветеринарлар жаңадан сатып алынған малды, олардың төлін тіркеп отыруы тиіс.

092494

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады.

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет. Ветеринариялық дәрігерлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру жұмыстарын тегін жүргізеді, деп жазды otyrar.kz. «Қораңыздағы төрт түлік малыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз», — деп хабарлады мамандар.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз