МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Жуырда Атырау облысында ветеринария мәселелерімен айналысатын жаңа басқарма құрылған болатын. Айта кетсек, мұндай басқарма еліміздің тек бірқатар аймақтарында ғана бар. Мұның өзін облыс басшылығының мал  шаруашылығын дамыту, соның ішінде, мал басын көбейтуге деген ұмтылысынан туған игі қадамы деп білген жөн.

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев ұжымға басқарманың басшысы Нұрбай Абдрахмановты таныстырды.

– Елімізде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету бағыты бойынша бірқатар игі істер қолға алынуда. Мал басының тұқымын асылдандыру мақсатында өңірімізде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Сол жұмысты жүйелі қолға алу – осы басқармаға жүктеліп отырған басты міндет, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы.

Басқарманың жаңа басшысы Нұрбай Насихатұлы бұған дейін де осы салада  еңбек етіп келген болатын. Ол өз сөзінде Елбасының талабын, облыс әкімі тапсырмаларын орындауға құлшынысын білдіріп, «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, мал өнімдерінің экспортқа қабілеттілігін арттыруға бар күшін салатынына сендірді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз