Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішінде адамдардың жұмыстан шығарылмайтынын айтты

1111111 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда үлкен ошаққа айналған Теңіз кенішіндегі қалашықтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жерден жұмысшыларды демобилизациялаудың мақсаты — азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Сол арқылы, аурудың кеңінен тарап кетпеуіне қол жеткізе алдық.

img 20200526 wa0103

Жағдай тұрақтанған соң адамдар қайтадан жұмыс орындарына оралады. Теңіз кеніші жұмысын тоқтатып, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе мүлде жоқ» деп нақтылады аймақ басшысы  Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Теңізден өндіріске тікелей қатысы жоқ вахталық жұмыс мерзімі біткен 18 мыңнан астам жұмысшы уақытша тұрғылықты мекенжайларына шығарылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз