Махамбет Досмұхамбетов: Дәрінің бағасын негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады

img 20200708 wa0072 Жаңалықтар

Atr.kz / 8 шілде, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүгін өткізген онлайн брифингте айтты.

 «Дәрі бағасын арнайы құрылған мобильдік топ бақылайды. Оларға тапсырма берілді. Яғни, жеткізіліп жатқан дәрілер барлық дәріханаға теңдей бөлінуі керек. Егер, дәрі бағасының негізсіз көтерілгенін байқасаңыздар, облыста құрылған жедел штабқа хабарлауыңызды сұраймын. Міндетті түрде шара алынатын болады. Дәрінің бағасы бақылаудан түспейді» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз