Махамбет ауылының тұрғыны есірткімен ұсталды

0435625b e208 455e b4ee 3e2b25ea80ab Жаңалықтар

Атырауда полиция қызметкерлері «Қара сора»республикалық жедел іс-шарасы кезінде есірткі қылмысына күдікті Махамбет ауданының тұрғынын ұстады. 

Есірткіге қатысты құқықбұзушылық жайттары мен қылмыстардың алдын алуда аталған акцияның маңызы зор. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова осы акция кезіндегі тексеру барысында оның қалтасынан есірткі заттары табылып, алынғанын айтты. ​​​​​– Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстың кодекстің 297-бабы бойынша, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Қылмысқа күдікті деп танылған 29 жастағы тұрғын тергеу абақтысына қамалды, – деді Г.Мұхтарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз