Махамбет ауданында коронавирустың тіркелгені рас па?

200325020301925a3629040i Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Күні кеше әлеуметтік желіде Махамбет ауданында шет елден коронавирус жұқтырып келген студент жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқаны туралы хабарлама тараған.

Осы жалған ақпаратты бір әйел әлеуметтік желіге таратып үлгереді. Бірнеше сағаттан кейін әлгі әйел ақпараттың жалғандығын айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады.

Осы ақпараттың анық-қанығын анықтау мақсатында аудандық орталық аурухананың басшысы Базарбай Айташевқа хабарласқан болатынбыз. Оның айтуынша:

«Шенген аймағы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қолайсыз елдер қатарына жатуына байланысты, яғни сол мемлекеттерден келген адамдар үй карантинінде 14 күн болады. Полшада келген студент жедел респираторлы ауруы (ОРЗ)болуына байланысты, қолайсыз аймақтан келген соң, сақтық ретінде коронавирусты инфекцияға күдікті деп ауруханаға жатқызылып, сынама алынды, коронавирус анықталған жоқ. Стационарлық ем алып жатырған науқастың диагнозы жедел фарингит, (ОРВИ). Жағдайы калыпты, емін алгоритм бойынша жалғастырады, 14 күнге дейін мамандардың бақылауында болады».

Дереккөз: «Жайық-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauғa-amsterdamnan-ұshyp-kelgen-studentterden-koronavirus-tabylғan-zhoқ/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз