Махамбет ауданында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді

IMG 8232 04 05 17 10 20 Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Махамбет аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен аламан бәйге және көкпар ойыны өтеді.

IMG_8232-04-05-17-10-20

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.

– Қанша жыл өтсе де соғыстың салған жарасы  мен зардабы ел есiнде мәңгi сақталады. Сондықтан, Ұлы Жеңіс мерекесінің мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, бейбіт күн үшін жанын соғыста пида еткен майдангерлердің ерлігін ұлықтау, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында осы ауқымды шараны ұйымдастыруды қолға алып отырмыз, – дейді аудан әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Аламан бәйгенің қашықтығы 24 шақырымды құрайды. Бас бәйге – «Уаз-Патриот» көлігі. Ал, екінші, үшінші орын иегерлеріне 700 мың және 400 мың теңгеден бәйге тігілген. Көкпар сайысында жеңімпаз атанған командаға  400 мың теңге бұйырмақ. Екінші және үшінші орындарды иеленген командаларды сәйкесінше 300 және 100 мың теңгенің сыйлығы күтіп тұр.

Жарыс 9 мамыр күні сағат 11:00-де Атырау-Орал тас жолының бойындағы Ақтоғай ауылына жақын маңда өтеді. Дүбірлі додада жанкүйер болам десеңіз, 9 мамыр күні сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының алдында арнайы көлік жүретінін хабарлаймыз. Бұл көлік облыс орталығына сағат 14:00-де кері оралады.

Қатысушыларды тіркеу рәсімі 4-7 мамыр аралығында өтеді. Қосымша ақпарат үшін 8 (71236) 2-13-75, 8 (71236) 2-11-99 және 8 (71236) 2-45-94 телефондарына хабарласуға болады.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз